Мьянмаға геноцид айыбы тағылды. Халықаралық сот шағымды қарай бастады
https://www.azattyq.org/a/world-myanmar-court/30319955.html

11 желтоқсанда Гаага қаласындағы БҰҰ-ның Халықаралық трибуналында Мьянма елінің үстінен сот басталды. Африкадағы Гамбия елі Мьянманы «рохинджа мұсылмандарына геноцид жасады» деп айыптап, Гаагадағы сотқа шағымданған.

11.12.2019 Комментарии Telegram

"Құлап кете ме деп қорқамыз". Алматыда көпқабатты тағы бір үй қисайды
https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-almaty/30320128.html

Алматының Алатау ауданы Зерделі ықшамауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары ғимарат құлап түсуі мүмкін деп үрейленіп отыр. Олар "үй шалқайып барады" дейді. 2013 жылы "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген үйде 72 пәтер бар. Жергілікті әкім ғимаратқа тексеру жүргізілетінін айтады. Ықшамауданда осыдан үш жыл бұрын қисайып кеткен тағы бір көпқабатты үйдің іргетасын шегендеп бекіткен. Қазір ол үйде адамдар тұрып жатыр.

11.12.2019 Комментарии Telegram

"ДАИШ сапында соғысқан" 14 адам түрмеге қамалды
https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-nur-sultan-trial-of-the-isis-terrorist-group-verdict/30310478.html

Нұр-Сұлтанда Сириядағы қарулы жанжалға "террорлық топ құрамында қатысты" деп айыпталған 14 адамға сот үкімі шықты. Таяу Шығыстан елге жеткізілген соң жауапқа тартылған олар 8 жылдан 14 жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамалды.

11.12.2019 Комментарии Telegram