Тараз қаласының жаңа әкімі тағайындалды
https://www.azattyq.org/a/30304970.html

Айтқазы Қарабалаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды деп хабарлады 3 желтоқсанда Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Нұраддин Рақайдың Facebook-тегі жазбасына сүйенген жергілікті БАҚ. 


Қараша айының ортасында Тараздағы мектептердің бірінде ауладағы дәретханаға сабақ кезінде сұранып шыққан жетінші сынып оқушысын ер адамның зорлағаны хабарланды. Бұл оқиғадан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Қайрат Досаевты қызметінен босатып, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке ескерту жасаған. Полиция 38 жастағы ер адамның ұсталғанын, оның ұзақ жылға сотталуы мүмкін екенін айтқан. 


Оқи отырыңыз: Дәретханадағы оқиғадан соң Тараз әкімі жұмыстан босап, облыс әкімі ескерту алды


Айтқазы Қарабалев 1966 жылы туған. Әр жылдары Тараз қаласы мен облыс әкімдігінде түрлі қызмет атқарған. Тараз қаласы әкімінің орынбасары болған. Талас ауданы, Жуалы ауданын басқарған.

03.12.2019 Telegram